Mustafa Shoqay

My Photo
Name:
Location: Istanbul, Türkiye

Friday, November 05, 2010




Қазақ халқының біртуар мемлекет қайраткері, ірі саяси тұлғасы Мұстафа Шоқайға арналып Францияда саябақ ашылып, мүсіні қойылды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазан айының 27-28 күндері Францияға барған сапары кезінде Мұстафа Шоқайға арналған саябақ оның мүсіні сомдалға ескерткіштің тұсаукесері рәсімі өткізілді. Тұсаукесерді Қазақстан атынан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Франция атынан саябақ орналасқан Ножан ауданы әкімінің мәдениет жөнінде жауапты орынбасары Мадам Томе жасады.
Өз сөзінде Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұстафа Шоқайды қазақ демократиясының атасы деп сипаттай келіп, бүгінгі тұсаукесерді елбасының тапсырмасы бойынша іске асырып отырғандығын атап өтті. Мұстафа Шоқайдың тек қазақ халқы үшін емес, күллі Орталық Азияның, атап айтқанда Түркістан халықтарының саяси тәуелсіздігі үшін атқарған қызметтерін атап өткен Құл-Мұхаммед ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер оны пайдаланбақ болғандығында атап көрсетті. « Бірақ, - деді ол, - Мұстафа Шоқай фашистермен істес болуға үзілді- кесілді қарсы болды. Ақыры, Берлин қаласында қайтыс болды. Оның өлімі де жұмбақ өлім. Фашистердің қастаңдық жасап өлтіргендігі туралы деректер бар. Шоқай Францияны екінші отаны ретінде көрді. Оның Париж қаласына деген махаббаты ерекше болды. Сондықтан бүгінгі іс-шара әділдіктің салтанат құруы болып табылады. »
Министерден кейін сөз сөйлеген Франция - Қазақстан парламенттік достық тобының төрағасы, депутат Тери Мария осындай іс-шараға қатысып отырғаныма қуаныштамын, деді. Ол өз сөзінде одан әрі : « Осы күнде екі елдің президенттері кездесу өткізіп екі ел байланстарын күшейтудің жолдарын қарастыруда. Қазақстан мен Франция арасында байланыстардың орнауына көп жыл болды. Өзім Қазақстан - Франция парламенттік достық тобын басқарып келемін. Сонымен қатар, Францияның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы өкілімін. Қазақстанның 2010 жылында оған төрағалық етуі үлкен жетістік. Қазақстанда 20 рет болып қайттым. Биыл Мұстафа Шоқайдың 120 жылдығына орай Францияда екі мәдени шара орын алады. Оның біріншісі міне, біз куә болып отырған Мұстафа Шоқай саябағы мен мүсінінің ашылуы. Ал екіншісі болса, біз Франция парламенті ретінде тұңғыш рет Қазақстан туралы бір кітаптың француз тіліне аударылып осында жарық көруіне демеуші болып отырмыз. Ол кітап Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай атты еңбегі. Ол кітаптың аударма жұмыстары бітіп қалды. Жыл аяғына дейін баспадан жарық көретін болады. Сөйтіп, француздар Мұстафа Шоқайды білетін болады. Франция - Қазақстан байланыстарды көбінесе саясат пен саудаға негізделіп отыр. Осы орайда мәдени байланыстардың көбейгені дұрыс. Біз биыл іске асырып отырған Шоқайға мүсін қойу және кітап шығару екі ел арасындағы мәдени байланыстарды күшейте түспек. », деді.
Париж қаласы Ножан ауданындағы тұсаукесер рәсімінде Қызылорда әкімінің орынбасары Мұрат Мұхаммед, Қызылордадағы Мұстафа Шоқай қорының президенті Базарбай Атабай және Мұстафа Шоқай Француз - Қазақ достық қоғамының төрағасы Көпжасар Дініш сөз сөйледі.
Қызылордалық мүсінші Амангелді Кененбай тарапынан сомдалған саябаұтағы Шоқай мүсінінде француз тілінде « Мұстафа Шоқай 1890-1941 тәуелсіздік күрескері » деп жазғылған. Ал мүсіннің аяқ жағында « қазақ халқы тарапынан 28/10/2010 » делінген сөздерге орын берілген. Ножан әкімінің мәдениет жөніндегі жауапты орынбасары Мадам Томе мүсіннің өздеріне қатты ұнағандығын тұсаукесерден бірнеше күннен кейін Мұстафа Шоқай француз-қазақ достық қоғамы төрағасы Яшар Дініш мырзаға атап өткен. Ол мүсіннің қала әкіміне және қала тұрғындарына да қатты ұнағанын, Қазақстан мүсін өнерінің деңгейінің жоғары екенін осыдан байқап отырғандықтарын да тілге тиек еткен.
Паркке Қызылордадан әкелінген екі талдың біреуін Мәдениет және ақпарат министрі Құл-Мұхаммед, екіншісін депутат Тери Мариян отырғызды. Қызылордағы Мұстафа Шоқай қорының президенті Базарбай Атабай болса, паркке Мұстафаның туған жерінен әкелген бір уыс топырақты салды.
Тұсаукесерден кейін Шарл дө Гол залында фуршет, Мәулана атындағы мешітте сауабы Мұсатфа Шоқайдың аруағына бағышталып Құран хатым оқытылды. Содан соң келген қонақтарға ас берілді.
Ножан қалашығы әкімі Жалқ Мартан мырза Қызылорда әкімінін орынбасары Мұрат Мұхаммедке екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі күшейту үшін тек Шоқайдың ескерткішін ашумен шектелуге болмайтынын, бұдан кейін Ножан қалашығына қазақтың музыка, театр өнерлерін сапарлатып, қазақты француз халқына түрлі қырынан таныстырып тұрудың қажеттілігін баса көрсетті.
Сонымен туғанына 120 жыл толуына байланысты Мұстафа Шоқайға арналып Францияның астанасы Парижде парк ашылып оның мүсіні қойылуын тарихи уақиға деп атауға толық негіз бар. Өйткені, еуропада тұңғыш рет қазақ халқының тарихи тұлғасына мүсін орнатылып отыр. Мұның өзі кездейсоқ болып отырған жоқ. Өзін бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар елі ретінде көретін Франция ХХ ғасырдағы мемлекеттердің асылы ретінде Шоқай сынды азаматтарда туған отандарының тәуелсіздігі, халықтарының бостандығы үшін саяси күрес жүргізулеріне жағдай жасаған еді. Ал, Мұстафа Шоқай болса, тек саяси ой- өрісінің биіктігімен ғана емес, сонымен қатар адалдық, отансүйгіштік және адамгершілік сынды қасиеттерімен де танылды. Сөйтіп, ол француз халқына өзінің тұлғалық қасиетін таныта білді.

Sunday, November 16, 2008

Alash Qozgalisinin Songi Tuyini Mustafa Shoqay

Qazaq halqinin tayav zaman tariyhinda erekshe oringa iye Alash qozgalisinin tariyhi kobinese Alash Orda ukimetinin tarqavimen baylanistirilip 1918 cilga deyin kelip ayaqtatiladi. Alayda bul maselege terennen unilgende, onin avqiminin odan aldeqayda aride Mustafa Shoqaydin kures tariyhimen calgasip 1940 cildarga deyin barganin koremiz.

Biraq, Mustafa Shoqaydin is-qiymildarin Alash Orada qozgalisinan bolek qolga aluv basim bolip otir. Atap ayqtanda, Alash Qozgalisi, Alash Orda ukimeti men Musafa Shoqay, Turkistan avtonomiyasi, Shoqaydin Evropa elderindegi sayasiy is-qiymildari kobinese birbirinen tavelsiz areketter retinde bagalanuvda.

Munin sebebi tusinikti. Oytkeni Alash Orda ukimeti cane onin cetekshileri turali zerttevler, Mustafa Shoqay turali zerttevlerge qaraganda kosh ilgeri bolip otir. Sonimen qatar kenestik kezende tiyim salingan Alash cetekshileri turali aqiyqattar qayta quruv – cariyaliliq kezeninde aqtandaq better retinde Shoqaydan burin qolga alina bastadi. Tipti olar 1988 cili Kompartiyanin qavlisimen aqtalgan da bolatin. Osi kezde Shoqay turali esh narse aytilmadi. Shoqay tek Qazaqstannin songi shindigi retinde, Alash qayratkerlerinin aqtaluvinan eki cil otkennen keyin gana, atap aytqanda 1990 cildin ayaq sheninen keyin avizga alina bastadi.[1] Qazaqstanda buringi Kenestik iydeologiyanin saldarinan Shoqayga senbey kumanmen qaravshilar, qatari kun sayin azayip kele catsa da, ali de barshiliq.

Sonimen birge Alash orda cetekshileri turali zerttevlerde, olarmen Shoqay arasindagi qarim-qatnastar, asirese Alash cane Turkistan avtonomiyalari qulagannan keyin onin cetekshileri Aliyhan Bokeyhanov pen Mustafa Shoqay arasindagi baylanistarga cetkilikti nazar avdarilmavda.[2] Mine osi sebepterden Shoqaydin Alash qozgalisimen birge atalmay curgen boluvi mumkin.

Kopshilikke belgili cayt Shoqay Petersburg uniyversiytetinde stuvdent kezinen bastap Alash Orda cetekshisi Bokeyhanovpen tigiz baylanista boldi. Tipti Shoqaydi sayasatqa bavligan Bokeyhanovtin ozi desek qatelespespiz. Demek Shoqay, Alash qozgalisinin ruvhi bolip esepteletin Bokeyhanovtin sayasiy shakirti. Ogan qosa Tashkende, Qoqanda Turkistan avtonomiyasinin ishinde curgennin ozinde Bokeyhanovpen baylanista bolip otirdi. Olay bolsa, Shoqay shetelderge shiqqannan keyin Alash iydeyalarin ustanbay cure ala ma? Ariyne coq. Ol zandi turde Alash maqsattarin orindap curdi. Tipti onin maqsat – muddelerin odan ari damitti desek artiq aytqandiq bola qoymas.

Bul turgida Shoqay, Alash qozgalasinin calgasi degen pikirge qosilmaytindardin minaday pikirlerdi alga tartuvi mumkin. “Shoqaydin Evropa elderinde ustangan basti eki maqsati bar edi. Birinshisi tavelsizdik, ekinshisi bir tutas Turkistan iydeyasi, yagniy Turkistan odagi. Al Alash kosemderi bolsa bastapqida avtonomiya pikirin caqtadi cane asirese Bokeyhanov ozge Turkistan haliqtarimen, ozbektermen odaqtasuvga qarsi boldi. Onin ornina Sibir ukimetimen odaqtasuvdi caqtadi. Munday arada ulken pikir ayirmashiligi bolgan eki areketti qalaysha birbirinin calgasi dep aytamiz?” degen suraqtin boluvi abden iqtiymal.

Duris, Bokeyhanovtin kezinde, atap aytqanda, “Qazaq” gazetine 1917 cili qazan ayinda cazgan bir maqalasinda bilay dep atap otedi: “Biz Turkistanmen dindes, tuvisqanbiz. Avtonomiya boluv - oz aldi memleket boluv. Memleket bolip is atqaruv onay emes. Bizdin qazaq is atqaratin azamatqa cutap otirgan bolsa, bizdin calpi qazaq qarangi bolsa, Turkistan halqinin qarangiligi ham sheber adaminin coqtigi bizden on ese artiq. Qazaq Turkistanmen bir avtonomiya bolsa, avtonomiya arbasina tuye men esekti par cekken boladi. Bul arbaga minip biz qayda baramiz.” [3]

Bokeyhanovti Turkistan aymaginda eskishildik pen diniy fanatiyzmnin basim boluvi cane haliqtin dumshe moldalardin shilavinda curuvi de oylandiratin.[4] Osi sebepti onin oyinsha, Turkistan okimeti men Alashorda Okimetinin birlesuvi eki soqirdin qol ustasip colga shiguvi degen soz edi.[5] Bokeyhanov, sonday-aq, Turkistan men Alashorda okimetteri birlese qalgan cagdayda, biyliktin eskishil kushterdin qolina otuvinen seskenetin.[6] Oytkeni, Tashkenke barip, cumistarina qatisa almasa da, Turkistan Komiytetinin bir mushesi retinde Tashkenttegi eskishilderdin Shoqay cetekshiliginde sayasiy uyim, Ulttiq Ortaliqtin sayasiy is-qiymildarina kedergi keltiruvge deyin bargan, asire diniy fanatiyzmderi turali qulagdar edi. Qazan ayinda Semeyde soylegen sozinde Bokeyhanov eskishilderdin diniy fanatiyzmderin tilge tiyek etip, olardin Tashkent qalaliq basqarma macilisinde oba avruvinin Allanin isi ekendigin aytip, ogan qarsi sharalar qoldanuvdi kuna sanap, qarsi shiqqandiqtarin aytti.[7] Sondiqtan, Bokeyhanov, Duvlatovtin Kenes davirinde OGPUV-ge bergen cavabinda da aytqaninday, Turkistanda eskishilderdin diniy fanatiyzmi sayasiy cumistardi oydagiday curgizuvge kedergi boladi degen pikirde edi.[8]

Alayda, Turkistan ukimetinin cumistari, Alashorda cetekshilerinin ozbek cane qazaq haliqtarinin sayasiy intimaqtasuvinin aldinda turgan en manizdi kedergi retinde bagalagan eskishilderdin sayasiy salani baqilaytindiqtari cayindagi alandavshiliqtin orinsiz ekenin korsetip berdi. Omirshen maselelerde haliqtin sanali qiymil casap, eskishilderge qarsi canashil qayratkerlerdi qoldaytini bayqaldi. Sonimen, Turkistan ukimeti toliqtay canashildardin qolinda boldi. Tipti, ukimetti basinda qazaq boluvlarina qaramastan, aldimen M. Tinishbayev cane keyinnen Shoqay sindi bilimdi sayasatkerler basqardi. Munin ozi Turkistanda kopshilikti quragan asire dinshilderdin ukimette aserli bola almaytindarin korsetip berdi.

Bokeyhanovtin Turkistandiqtarmen odaqtasuvga qarsi qatan kozqarastarinin cumsargani Sirdariya qazaqtarinin quriltayinda belgili bola bastadi. Ozderinizge belgili, Sirdariya qazaqtarinin Turkistannan bolinip, Qazaq okimetine qosiluv turali bir sheshim qabildavi ushin shaqirilgan sol quriltay, ciynaluv maqsatina qarama-qayshi bir sheshim qabildap, Qazaq okimeti men Turkistan okimeti arasinda intimaqtastiqtin algashqi qadamina turtki boldi. Quriltaydin qararlarinan birinde “Alashorda oz aldina avtonomiya cariyalap bolip Turkistan avtonomiyasimen odaq bolsa, Sirdariya qazaq-qirgizdari Turkistan avtonomiyasinan shigip, Alash avtonomiyasina kiruvge sheshim qabildaydi.” dep atap otildi. [9]

Qazaq avtonomiyasinin cariyalanuvinan keyin Turkistan ukimetimen biriguvdin tilge tiyek etiluvi bizge osi odaqtin kun tartibine engenin korsetedi.

Biraq, qantar ayinda payda bolgan oqiygalar, bul maselenin okimetaraliq kezdesuvlerde talqilanip odan ari damitiluvina mumkindik bermedi. 18 qantar kuni bol’sheviyk kushterinin Orinbordi basip aluvimen birge Bokeyhanov basshiligindagi Alashorda okimeti tarap ketti.[10] Aydin soninda Turkistan okimeti de bol’sheviykter tarapinan bir colata tarqatildi. Sonimen, bol’sheviykter Alashorda men Turkistan okimetteri arasinda bastalgali turgan intimaqtastiqtin iske asuvina mumkindik bermedi.

Alayda bul cagday, Alash kosemderi men Turkistan Avtonomiyasi cetekshilerinin birbirimen tize qosa cumis istevlerine kedergilik keltire almadi. Turkistan Ukimetinin qulatiluvinan keyin qiyin qistav kunderdi basinan keshirgen Mustafa Shoqay Qoqannan Tashkenge, ol aradan Orinborga otip Alash Orda cetekshilerimen bas qosti.

Olar ulttiq arekettin budan keyingi bagitin belgilev ushin 1918 cildin 30 tamizi men 7 qirkuyek kunderi arasinda Orinbor cane Samara qalalarinda tizbekti birqatar ciynalistar otkizildi. Bul ciynalistarga Shoqaydan basqa Alash kosemderinen A. Bokeyhanov, A. Baytursinov, M. Duvlat cane M. Tinishbayev qatisti. Sonimen qatar, Qoqan Okimeti mushelerinen UVbeyduvllah Hoca men Bashqirt ukimet bastigi Zakiy Valiydiy de osi ciynalistarga qatisuvshilardin arasinda boldi. Sonimen, Alashorda, Turkistan cane Bashqurt Okimetterinin okiletti qayratkerlerinin basi osi ciynalistarda qosildi. Jiynalistardin qoritindisinda bul ush okimettin “Ontustik-Shigis avtonomiyaliq Musilman Olkeleri Odagi”[11] degen atpen bir federatsiya boluv sonday-aq qazaq cane bashqurt askerlerin bir armiyaga toptastiruv turali sheshim qabildandi. UValiydiy ciynalistarda federatsiya cosparinin can-caqti talqilanganin aytadi. Atalgan federatsiya cospari shamamen qazirgi Bashqurtstan, Qazaqstan, Qirgizstan, Ozbekstan cane Turkimenstandi qamtiytin 4.010.139 sharshi kiylometrlik bir kenistikti cane 1917 cilgi esep boyinsha uzin sani 15.673.680 adam cane munin 82 payizin musilmandar quraytin haliqti qamtidi.[12]

Sonimen, 5 qantar kuni Turkistan qalasinda Sirdariya qazaqtari quriltayinda algashqi qadami basilgan Alashorda men Turkistan avtonomiyalarinin odagin quruv colindagi cumistar segiz ayliq uzilisten keyin Orinborda Bashqurt okimetin de qosip alip, ken turde calgastirildi. Oytkeni, endi ayday aniq bop ortaga shigip otirgan bir shindiq bar edi. Ol bol’sheviykterdin Reseydin turki tildes haliqtarina ozin-ozi basqaruv quqin eshqashan bermeytindigi edi. Muni tek bilektin kushi nayzanin ushimen bol’sheviyktermen sogisa otirip aluv gana mumkin edi. Al, bul ushin bolsa, kush biriktiruv qacet edi. Munin coli Orta Aziyanin turki tildes haliqtarinin bir federatsiya tonireginde odaqtasuvi edi.

1918 cildin qirkuyek ayinda Alashorda, Turkistan cane Bashqurt okimetteri basshilarinin ciynalisinda belgilengen osi strategiya keyinnen Shoqaydin Evropada bol’sheviykterge qarsi curgizetin iydeyaliq kuresinin negizin quradi.

Osi federatsiya turali qiziq bir kezdesuvdi orayi kelgende atap otken con. Ol kezdesuv Shoqay, Bokeyhanov, UValiydiy cane Tinishbayev turik ultshildiginin iydeyaliq negizderin saluvshi Yuvsuvf Akshora arasinda 1918 cili UVfa qalasinda bolgan edi. Ol kezde Akshora Turkiyanin Qizilay uyimi atinan I duniyecuzilik sogista oristarga tutqinga tusken turik askerleri men ofiytserlerinin Turkiyaga qaytariluvi[13] maselesine baylanisti Reseyde resmiy saparda curgen edi. Akshora UVfadagi eski dosi Muptiy Galiymcan Baruvdiydin qonagi retinde Resey Musilmandarinin Din Isteri Basqarmasi bolip sanalatin Musilman Ruvhaniy Macilisinin giymaratinda turip catqan edi. Sol giymaratqa bargan delegatsiya Ontustik-Shigis avtonomiyaliq Musilman Olkeler Odagi turali ogan malimet berdi. Sonimen qatar frantsuvz tilin biletindigine baylanisti onan bolashaq federatsiyaliq musilman ulttiq okimetinin Sirtqi Ister miyniystri qizmetin qabildavin otindi.

Biraq, 1918 cili 12 qirkuyek kuni otken osi kezdesuvde, Akshora ozine aytilgan federatsiya pikirine man bermedi.[14] Turkiya azamati boluvina baylanisti Resey ishindegi qanday da bir sayasiy qozgalisqa belsene aralasuvinin mumkin emestigin alga tartip, ozine usinilgan qizmetten bas tartti.[15] Sonimen qatar Akshora odaq atin “Shigis Turikterinin Federatsiyasi” dep atavdin durisiraq bolatindigina korsetti. Bokeyhanov oristardin bul odaqqa boylari uyrengenge deyin, ogan panturkiyzm tanbasi basiluvina sebep bolatin atavlardan boydi avlaq ustavdin qacet ekenin, biraq uvaqit ote kele ol attin da qabildanatindigin aytti.[16] Sonimen, Shoqay men serikterinin UVfadagi Turkistan Federatsiyasi turali pikirlerine qoldav izdev cumistari tabissiz ayaqtaldi.

Turkistan Odagi pikiri Alash kosemderinin haliqaraliq cagdaydi korip bayqagannan keyin geostrategiyaliq cagdayga baylanisti utimdi pikiri. Ol keyin Shoqaydin kuresinin beldi pikirlerinen birine aynaldi. Bul shinayi qacettilikten tuvindamagan cagdayda arada 80 cilday uvaqit otkennen keyin tavelsiz Qazaqstan preziydenti Nursultan Nazarbayev oni Ortaliq Aziya Odagi retinde qayta cangirtpas edi. Onin tek Qazaqstan ushin gana emes, aymaqtagi ozge elder ushin de qanday qacet ekenin Elbasi Nazarbayev 2005 cili aqpan ayindagi coldavinda naqti turde ortaga salgan edi.
Alash qozgalisi qay cildardi qamtiydi? Eger bul suraqqa Mustafa Shoqaydi qospay cavap qaytarar bolsaq, ol 1913-1918 cildardi qamtiydi. Onin “Qazaq” gazetimen tigiz baylanisti ekenin aytsaq qate bolmas. Oytkeni Alash kosemderi sol curnal manayinda 1913 cili ciynalip haliqtin basin qosti. Keyin bul bas qosuv Alash Partiyasi men Alash Orda ukimetine duniyege keltirdi. Al Bol’sheviykterdin qisimi men 1918 cili partiya, ukimet cane gazet tarqap ketedi. Demek Alash Qozgalisi Shoqaydi qospay aytsaq bes cildiq bir merzimdi gana qamtiydi.

Biz Alash qozgalisinin 1913-1918 cildari arasin gana qamtiydi degen pikirmen kelispeymiz. Bizdin oyimizsha ol qozgalis Qazaqstanda Alash partiyasi, ukimeti cane baspasoz organi Qazaq gazeti tunshiqtirilgannan keyin, Shoqaydin qayratkerleginde shetelderde, atap aytqanda Evropada Yash Turkistanmen calgasti. Mine sondiqtan biz onin merzimin 1913-1939 dep aytamiz. Demek ol 5 cildiq qozgalis emes, keminde 26 cildiq qozagalis.

Biz bul cerde qozgalistin merzimin Shoqay qaytis bolgan 1941 cilga deyin aparuvdin da duris emestigin ayta ketpekpiz. Oytkeni Shoqay 1939 cili Giytler II. Duniyecuzilik sogis otin tutatip ketken kezde, Shoqay da ozinin sayasiy is-qiymildarin calgastiruvdan qaladi da Yash Turkistan toqtaydi. Ozi 1941 cili mamir ayinda nemisterge tutqin tusip ceti aydan son duniye saladi.
Bul cerde atap oterlik cayt Alash qozgalisinin bastapqi baspasoz organi “Qazaq” gazeti bolsa, ol omirin toqtatqannan keyingi ekinshi baspasoz organi “Yash Turkistan” dep atap korsetken duris. Ol ozderinizge belgili 1929-1939 cildari arasinda 10 cil, 117 sani cariyalandi.[17]

Endi bul cerde Istambulda 1927 – 1931 cildari arasinda cariq korgen “Yeni Turkistan” curnali qayda? degen suraq tuvuvi mumkin. Bul da orindi suraq. Bul curnaldin bagiti, Yash Turkistanga uqsaydi. Sondiqtan osi ordayda oni atavga boladi. Biraq ol curnalda Shoqaydin maqalalari basilip shigip turganmen Shoqaydin ondagi roli shektevli boldi. Onda negizinen Zakiy UValiydiy basim boldi. Shoqaydin sol curnal shigip turgannin ozinde 1929 cili odan bolek Yash Turkistandi shigara bastavi onin Yeni Turkistanga konilinin tolmaganin korsetse kerek.[18] Sondiqtan oni dara Alash qozgalasinin organi dep aytuv qiyin.

Endi Alash cetekshileri men Shoqay arasinda elevli kozqaras ayirmashiliqtarinan bir bolgan avtonomiya cane tavelsizdik maselesine toqtala keteyik.

Kezinde Alash cetekshilerinin avtonomiyani, Shoqaydin bolsa tavelsizdikti caqtagani duris. Biraq Shoqaydin da bastapqida avtonomiyashil bolganin eskergen con. Ol Evropada algashqi cildari oris demokrattarimen tize qosa otirip Resey Federatsiyasi quraminda avtonomiyaliq ulttiq sayasiy qaq-quqiqtar ushin kures curgizdi. Tipti bul ushin san ret coldasi Zakiy UValiydinin ashchi sindarina da duvshar boldi. Keyingi tacriybeler avtonomiyaliq qaq-quqiqtarmen el muddesinin kosegesinin kogermeytinin bayqatti da, Shoqay 1927 cildan bastap tavelsizdik iydeyasin tuv etip kotere bastadi. Demek ki, Shoqaydin tavelsizdik iydeyasi, Alash Orda cetekshilerinin avtonomiya pikirinen alshaqtigi emes, qayta onin bastan otken tacriybeler negizinde damitqani bolip otir.

Sonimen qorita aytar bolsaq, Mustafa Shoqayga Alash qozgalisinin songi cetekshisi dep aytuvga boladi. Ol ozinin sayasiy ustazdari, Alash qozgalisinin quriltayshi cetekshileri Bol’sheviykterdin qisimina tap bolip turmelerge qamalip keyin atilip ketken cagdayda, Alash tuvin shetelderde koterdi.

Sonimen qatar Turkistan avtonomiyasina da Alash qozgalasinin bir tarmagi dep qarav kerek. Oytkeni Tashken cane Qoqandagi sayasiy is-qiymildarga Shoqay ozinin ceke iyniytsiyatiyvasimen emes, qayta Bokeyhanovtardin nusqavi boyinsha aralasip at salisti. Oytkeni ol kezde qazaqtar Turkistan dep atalgan akimshilik aymaqtagi oblistarda qazaqtardin cariminan astami omir suretin. Demek, bul qazaqtardin qaq-quqigin qorgav da ariyne Alash murati. Sonimen qatar Alash qozgalasinin mushelerinin bul sayasiy qurilimda, yagniy Turkistan avtonomiyaliq ukimetinde basti rol atqargandigin da eskergenimiz con. Onin birinshi preziydenti Muhametcan Tinishbayev, keyin onin ornina saylangan ekinshi cane songi preziydenti Mustafa Shoqay bolgan. Ekevi de belgil Alash qayratkerleri. Mine osinday cagdayda Turkistan avtonomiyasin qalaysha Alash Qozgalisinan tavelsiz, bolek areket dep ayta alamiz?

Balkim oni Alash Orda ukimetinen tavelsiz sayasiy qurilim dep bagalavimiz mumkin. Olay bolsa, Alash Qozgalisinin avqimi Alash Orda ukimetinen aldeqayda ken cane avqimdi. Sonimen onin bir mezgilde eki sayasiy qurilimi bar dep ayta alamiz. Atap aytqanda birevi Alash Orda ukimeti bolsa, ekinshisi Turkistan ukimeti. Maselege osilaysha qaravdan utilatin cerimiz coq, qayta utarimiz kop. Bul cagday qazaq sayasiy oy cane fiylosofiya tariyhinin avqimin keneytip terendete tusedi. Mustafa Shoqaysiz, Turkistan Avtonomiyasinsiz, Yash Turkistansinsiz, Alash qozgalisinin tariyhi carti kesh bolip qalari sozsiz. Onday cagdayda, onin mani toliq ashilmay qaladi. Sondiqtan Mustafa Shoqaydin is-qiymildarina Alash qozgalisinin zandi calgasi, tipti songi tuyini, evolyuvtsiyasi dep qaragan con.
---------------
Siltemeler:
Bul bayandama, 2008 jılı 12-13 qarasha kunderi Astanada otken "Alem qazaqtarinin ruvhaniy suhpattasuvı: til, madeniyet jane Alash murasi" atti qaliqaraliq konferentsiyada oqildi.

[1] Shoqaydin Qazaqstanda “haliq cavinan” haliq batirina koteriluv protsesi ushin qaraniz. Qara A. Mustafa Shoqay Omiri Kuresi Shigarmashiligi. Almati, 2004, 220 – 255- bet.
[2] Biz bul baylanistardi ozimizdin Mustafa Shoqay omiri, kuresi, shigarmashiligi atti enbegimizde “Qoqan cane Alashorda ukimetteri arasindagi baylanistar” atti arnavli taravda can caqti toqtalgan bolatinbiz. Sonda, 85 – 94- bet.
[3] Qoygeldiyev M. “Alash qozgalisi”. Almati, “Sanat”, 1995, 339-340 bet.
[4] Hayiyt B. “Turkistan Rusya ve Chin Arasinda”. Istambul, 1975, 254-bet.
[5] Qoygeldiyev M. “Alash qozgalisi”. Almati, “Sanat”, 1995, 340-bet.
[6] Sonda, 263- b.
[7] Nurpeyisov K. “Alash ham Alashorda”. Almati, “Atatek”, 1995, 151-bet.
[8] Qoygeldiyev M. “Alash qozgalisi”. Almati, “Sanat”, 1995, 340-bet.
[9] Qoygeldiyev M. “Alash qozgalisi”. Almati, “Sanat”, 1995, 347-348-bet; Sari arqa, 1918, No 31
[10] Alashorda okimeti mushelerinin bir boligi Semeyge otip, Alashordanin shigis boligin qurdi. Endi bir boligi bolsa, Oral oblisindagi Jimpiyti qalasina ornalasip, Alashordanin batis bolimin qurdi. Bul turali kobirek malimet ushin qaraniz: Nurpeyisov K. “Alash ham Alashorda”. Almati, “Atatek”, 1995, 159-160-bet.
[11] Bul odaqtin atin UValiydiy arturli beredi: Ontustik-Shigis Musilman Olkeleri Federatsiyasi, Shigis Resey Musilmandar Federatsiyasi, Shigis Resey avtonomiyaliq Musilman Olkeleri Odagi cane Turkistan Federatsiyasi. Bul turali qaraniz: Togan Z. UV. “Turkili ve Turkistan’in Yakin Tarihi”. Istambul, 1975, 370-371-bet.
[12] Sonda, 370-bet. Togan bul federatsiya cosparinan bir kartani gana shetelge alip shigadi. Bul karta ushin qaraniz: Sonda, 371-bet.
[13] Reseydegi tutqin turik askerleri men ofiytserlerinin qaytariluvi maselesi coninde kobirek malimet ushin qaraniz: Guven E. “I. Dunya Savashinda Rusyadaki Turk Esirleri ve Rusya Turkleri”. Jariyalanbagan masterliyk diyssertatsiya. Marmara Vniyversiyteti Turkiyat Iynstiytuvti, Istambul, 1996; Qaraqartal O. Dunya Savashi Sonunda Sibirya’daki Esir Turk Askerleri Sorunu ve Turk Dunyasi Gazetesi. “Sibirya Arashtirmalari” Dayindagan. Amiyne Gursoy-Naskaliy. Istambul, 1997, 317-322-bet.
[14] Shoqay M. Yuvsuf Akchura. “Yash Turkistan”. Kokek 1935, No 65, 11-bet.
[15] Togan Z. UV. “Hatiralar Turkistan ve Diger Musluman Dogu Turklerinin Milli Varlik ve Kultur Mucadeleleri”. Istambul, 1969, 230-231-bet; Togan Z. UV. “Turkili ve Turkistan’in Yakin Tarihi”. Istambul, 1975, 370-bet; Shoqay M. Yuvsuf Akchura. “Yash Turkistan”. Kokek 1935, No 65, 11-bet.
[16] Togan Z. UV. “Hatiralar Turkistan ve Diger Musluman Dogu Turklerinin Milli Varlik ve Kultur Mucadeleleri”. Istambul, 1969, 231-bet.
[17] Yash Turkistan turali kobirek malimet ushin qaraniz: Qara A. Mustafa Shoqay Omiri Kuresi Shigarmashiligi. Almati, 2004, 263-273- bet.
[18] Yeni Turkistan curnali ushin kobirek malimet ushin qaraniz: Sonda, 261 – 263- bet.

Tuesday, January 16, 2007

Mustafa Shoqaydin Tavelsizdik Jolindagi Kuresi Jane Frantsiya

Tayav qazaq tariyhinin en manizdi tulgarinan bir sanalgan cane biyil tuvganina 117. cil tolip otirgan Mustafa Shoqay Frantsiya astanasi Pariyc qalasindagi Nocan avdaninda 1923-1941 cildari arasinda 18 cil omir surgen edi. Shoqaydin Frantsiyaga keluv mezgili, 1921 cildin cazi bolatin. Bastapqida ol, Pariycdin ozinde omir surdi. Biraq keyin osi Nocan qalasina koship keldi. Oytkeni, ol kezde osi qalashiqta, belgili cazuvshilar, sayasetkerler cane oner qayratkerleri sekildi elitalar omir suretin. Biz curgizgen zerttevlerimizde, Shoqaydin Nocanda turgan uylerinin adresterin ayqindagan edik. Bizdin sol kezdegi osi zerttevlerimizge, Mustafa Shoqay qogaminin quriltayshisi cane toragasi qurmetti Yashar mirza kop qoldav korsetken bolatin. Reti kelip turganda, ol kisige qayta bir ret rahmetimdi aytqim keledi.

Ol kisimen birge, 2000 cildin mamir ayinda Nocanga keldik. Pariycdegi Shigis Tilderi cane Orkeniyetteri Iynstiytuvtindagi Mustafa Shoqay arhiyvinen ozim aniqtagan adresterdi izdedik. Nocan akimshiliginin arhiyvterin aqtardiq. Soytip Shoqaydin Nocanda turgan uylerin cane mezgilderin belgiledik. Sol aniqtavimizga qaraganda, Shoqay mina adresterde turgan eken :
1. 16 Rue Bauyn de Perreuse (1923-1930)
2. 48 Bis Rue Parmantier (1930 – 1933)
3. 7 Square de la Fontaine (1933-1969) Osi songi uyde, ariyne Shoqay 1941- cili duniye salgannan keyin zayibi Mariya omir sure berdi.

Biz osi aniqtavlardi casagannan keyin, zertttevimizdi « qazaqtin osinav memleket qayratkerinin bir kezde Nocan qalasinda turganin biletinder bar ma » eken degen suraqtin tonireginde odan ari calgastirdiq. Aldimen Shoqay turgan uylerdin bugingi turgindarina surav saldiq. Okinishke oray, olar Shoqay turali eshnarse bilmeytin bolip shiqti. Odan son, Nocan akimshiligindegi keybir qayratkerlerge suradiq. Olardin ishinde de biletinge kezdespedik. Sonimen, Shoqay sindi qazaqti uli tulgasin, ol 20 cilday mekendegen cerde, umit bolganina abden kozimiz cetti. Bul da zandi edi. Oytkeni, aradan 60 cilday kop uvaqit otip ketken edi.

Bul cagday, bizdi Shoqay ushin Nocanda bir belgi ornatuvdin qacet ekeni conindegi oyga ceteledi. Bul pikirimizdi, Almatiga colimiz tusip barganda, Duniyecuzi Qazaqtari Qavimdastiginin Toragasinin I- Orinbasari Qaldarbek Naymanbayevqa ayttiq. Ol kisi bizge ote tiyimdi bir col korsetti : « Siz, -dedi Naymanbayev-, bul oyinizdi bir baspasoz konferentsiyasi arqili curnaliystterge aytiniz. Olar gazetterine cazsin. Soytip sizdin bul iydeyanizdi Preziydent Nursultan Nazarbayevtan tartip bukil ukimet adamdari oqiytin boladi. Egerde pikiriniz orindi dep tabilsa, onda ol iske asatin boladi. »

Osi pikirdi derev orindavga kiristim de, Shoqayga Nocanda bir belgi ornatuv conindegi oylarimdi belgili curnaliyst Sayasat Beyisbayga ayttim. Ol, Qazaqstannin aldingi gazetterinen biri bolip esepteletin Egemen Qazaqstannin 2001 cili, 9. qantardagi saninda basilip shiqti. Osidan keyin shamamen 9 aydan son, 2001 cildin 18 qazan kuni Qazaqstan Basmiyniystirinin orinbasari Iymangaliy Tasmagambetov, Qazaqstan Frantsiyadagi totenshe cane okiletti elshisi Aqmaral Aristanbekova cane Nocan akimi Jaq Martan Squvar do la Fonten koshesinin bas cagina Shoqayga arnap belgi tas ornatti. Qurmetti Nocan akimi Jaq Martan qazir ortamizda, ol kisige aldarinizda algis cane rahmetimdi aytamin.

Bizdin oyimizsha, Mustafa Shoqay sindi uli memleket qayratkerinin, belgili tariyhiy tulganin Nocanda omir surgen boluvi Nocanga haliqaraliq bedel cane abiroy berip otir. Sonimen qatar, bul cagday, Nocanga Qazaqstan halqi nazarinda erekshe orin berip otir. Tipti bul qala, Shoqaydin tiri kezinde de erekshe qala atangan edi. Shoqaydin uyindegi angimeler unemi Turkistannin tavelsizdigi turali bolatindiqtan, onin Piyer Ronodl cane Jozef Kastanya siyaqti frantsuz dosttari Shoqaydin uyine baratin bolganda, « Turkistannin uvaqitsha astanasina » baratindarin aytatin. Yagniy, Shoqay kezinde, Nocan « Turkistannin uvaqitsha astanasi » atagin algan edi. Turkistan, yagniy Orta Aziya elderi tavelsizdikterin algan kezde, Nocandagi uvaqitsha astana, ozinin mangi astanasina koshetin edi. Mine osi sebepten, Nocan Orta Aziya haliqtari ushin Evropanin ozge qalalarina qaraganda, erekshe mange iye qala dep aytuvga abden negiz bar.

Qazirgi tanda Frantsiyada 300-350-dey qazaq otbasi turadi. Bulardin basim kopshiligin Turkiyadan kelgen qazaqtar quraydi. Turkiyadan Evropa elderine 1960 cildardin ayaginda payda bolgan cumisshi almasuvlari kezinde, qazaqtar Frantsiyaga kele bastadi. Keyin, atap aytqanda, Qazaqstan tavelsizdigin cariyalagan 1991 cilinan bastap Qazaqstannan diyplomat, isker, galim cane basqa kasip iyeleri de Frantsiyaga keldi. Mine osi turgidan, yagniy qazaqtardin Frantsiyaga ornalasuv tariyhi turgisinan qaraganda Shoqaydin algash Frantsiyaga kelgen qazaq ekenin koremiz. Ol sonav 1921 cili Frantsiyaga qonis avdardi.

Mustafa Shoqay, tuvgan otani Bol’sheviykterdin qol astina otkennen keyin, qiyin qistav kunderinde ozine cayli orin bergen Frantsiyani otani retinde bagaladi. Sol kezde, KO-nan koptegen emiygranttar osi Frantsiyada omir surip catqan bolatin. 1917 qazan tonkerisinen son Bol’sheviykterdin Reseyde biylikti qoldarina aluvinan keyin, koptegen oris demokrattarimen ziyalisi osi Frantsiyaga qonis avdargan bolatin. Bulardin arasinda, Reseyde basmiyniystirlik qizmetin atqargan Aleksandr Kerenskiy, Miyniystirlik qizmette bolgan Pavl Miylyuvkov siyaqti belgili memleket qayratkerleri de bar edi. Reseyden qonis avdargan emiygranttardani sani cuz mindardi asqan edi. Bulardin Pariycde « Dniy » cane « Posledniya Novostiy » siyaqti oris tilinde gazetteri de cariyalanip turdi.

II. Duniyecuzilik sogis burq etkende, bukil Reseylik emiygranttar bas savgalap Frantsiyadan qasha bastadi. Barligi Natsiystterdin Frantsiyani cavlap aluvinan alandavda edi. Lek legimen AQSh-qa qaray cosildi olar. Solardin ishindegi coldastari, Shoqaydi da birge AQSh-qa ala ketpek boldi. Biraq Shoqay olarga ermedi. « Men, -dedi Shoqay-, Frantsiyani tuvgan otanimday koremin. Oytkeni ol, qiyin qistav kunderimde meni bavrina basti. Sondiqtan, men de Frantsiyani qiyin qistav kunderinde tastap kete almaymin. Frantsuvz halqi qanday qiyindiq korse, men de soni koruvge dayinmin. » Soytip Shoqay Frantsiyada qaldi. Oytkeni, onin cureginde Frantsiyanin erekshe orni bar edi. Frantsiya, ol ushin, bostandiqtar, tendikter cane bavirlastiqtar eli edi.

1890 cildin 7. qantarinda Qazaqstannin Qizilorda qalasina qarasti Narshoqida duniyege kelgen Shoqay, Petersburg Uniyversiytetinde zan fakultetinen oqip shiqti. Petersburgta student kezinen sayasatqa aralasti. Sol kezdegi qazaqtin belgili sayasiy qayratkerleri, atap aytqanda Alash qozgalisinin kosemderi Aliyhan Bokeyhanov, Mircaqip Duvlat cane Ahmet Baytursinovtar sayasiy talantin sezgendikten Shoqayga ar qashan qoldav korsetip otirdi. Shoqay, Resey Dumasindagi musilman fraktsiyasinin byurosinda qizmet atqardi. Qazaq cane ozge Orta Aziyanin turik tildes haliqtarinin maselelerinin Dumada koteriluvinde ulken rol oynadi. Musilman depuvtattarinin bul turasindagi orissha bayandamalarin dayindavga komektesti.

1917 qantar tonkerisimen Reseyde patshaliq biylik qulagannan keyin, Shoqay oristardin demokratiyaliq kozqarastagi sayasiy qayratkerlerimen birge Reseydi demokratiyaliq respuvbliyka retinde qayta quruv conindegi is-qiymildarga at salisti. Asirese, Orta Aziyada avtonomiyaliq respubliykalardin quriluvina kush saldi. Orinbor qalasinda qazaqtin Alash Orda ukimetinde orin aldi. Sonimen mezgildes, Qoqandagi Turkistan Avtonomiyasinin cumistarinin bel ortasinda curdi. Tipti Turkistan Avtonomiyaliq ukimetinin basmiyniystriri qizmetin atqardi. Biraq, Leniyn cetekshiligindegi Bol’sheviyk ukimeti, Orta Aziyada ulttiq demokratiyaliq avtonomiyaliq respuvbliykalardin quriluvina col bermedi. 1918 cili aqpan ayinda, ustem Bol’sheviyk kushteri, Turkistan avtonomiyasi men Alash Orda Ukimetin qulatti. Osidan keyin, Shoqay, ush cilday Reseydin turli onirlerinde, demokrat oris sayasatkerlerimen birge Bol’sheviyk ukimetine qarsi kures curgizdi. Biraq, bul kureste ceniliske ushiragannan keyin, demokrat oris qayratkerlerimen birge Frantsiyaga otuvge macbur boldi.

Frantsiyada Shoqay endigari bir memleket qayratkerinen gori oyger retinde rol atqardi. Turli platformalarda Bol’sheviykterdin antiydemokratiyaliq okimet ekenin aytip elinin tavelsiz boluvin caqtadi. Osi orayda eki uyim arqili pikirlerin cuzege asirmaq boldi. Onin birinshisi Prometey odagi. Onda UVkrayn, Gruvziyn, Beloris, Azerbaycan, Tatar, ozbek, Bashkurt sekildi Kenestik cuyenin tutqini ulttardin okilderimen birge cumis istedi. Osi uyimnin Pariycde cariq koretin Prometey curnalinda, Shoqaydin fransuz tilindegi maqalari koptep cariq kordi. Ekinshi uyim, Turkistan Ulttiq Odagi edi. Bul uyim arqili, Orta Aziya haliqtarinin shetelderdegi ziyalilarin bir shaniraq astinda intimaqtastiruvga kush cumsadi. Bul uyimnin baspasoz organi « Yash Turkistan » 1929-1939 cildari arasinda 117 sani Berliyn qalasinda Shagatay tilinde cariyalanip turdi. Shoqaydin bulardan basqa ush kitabi cariyalandi :
1. Chez Les Soviets en Asie Centrale, Paris 1928.
2. Turkestan pod Vlast’yuv Sovetov (K harakteriystiyka Diyktaturi Proletariyata), Paris, 1935.
3. 1917 cili estelikterinen uzindiler (Shagatay tilinde, 1937) .

Shoqay, elinin tavelsizdigi colindagi kuresi, Giytlerdin basqaruvindagi Germaniyanin shabuvildari netiycesinde burq etken II. Duniyecuzilik sogis saldarinan toqtap qaldi. Onin uzengilesterinin kobi, can savgalap Frantsiyadan ketip qalgandi. Nemis qosindari da kop keshikpey, 1940 cili, 14 mavsim kuni Frantsiyaga basip kirdi. Shoqay calgiz edi. Kunderin radiyodan sogis aqparattarin estuv nemese kitaphanada tariyh kitaptarin oqumen otkize bastadi.

Bir cilday uvaqit otkennen keyin, atap aytqanda 1941- cildin mavsim ayinda Giytler KO-na qarsi sogis cariyalagan kuni, Shoqaydin Nocandagi tinish kunderi de ayaqtaldi. Bir top Natsiystik asker uyge kelip Shoqaydi tutqinga aldi da Kompiyen-Royaliyo lagerine qamadi. Sol cerde 15 kundey ustalgannan keyin Berliynge akeldi. Munda, Natsiystter antiysovet Mustafa Shoqaydan Kenestik armiya turali malimet suradi. Biraq Shoqay olarga malimet beruvden bas tartti. Ol kenestik armiya men cumisi bolmaganin, ozin tek otani Turkistannin qiziqtirganin aytti. Sondiqtan ol Orta Aziya turali malimet bere biletinin tilge tiyek etti. Osidan keyin, Shoqay Natsiystik tutqin lagerlerindegi Turkistandiq askerler korsetildi. Natsiystter osi tutqindardan Turkistan Legiyoni degen atpen erikti qosimsha qosindar uyimdastiruvdi maqsat etkendi. Biraq Shoqay Natsiystterdin tuvgan eline tavelsizdik apermeytinin caqsi biletindi. Onin oyinsha, Natsiystter, Orta Aziyani Bol’sheviykterge qaraganda kobirek anayi cane cedel turde talan taracga salatin edi. Oytkeni Natsiysttik iydeologiya boyinsha, qazaq, ozbek, turkmen, qirgiz cane tatar siyaqti haliqtar « untermensch» yagniy adamnan tomen maquliqtar edi.

Shoqay, 19 Jeltoqsan 1941 kuni Chenstahov tutqin lagerinde curgende, Turkistan legiyoni cobasinan bas tartip uyine ketuv ushin Natsiysttik orindardan uliqsat aldi. Pariycdegi uyine bara catqan colda, Berliynge kelgende kenet avirip 27 celtoqsan 1941 kuni Viyktoriya Krankenhavsta duniye saldi. Ol Berliynge cerlendi. Natsiysttik orindar, onin suzek avruvinan qaytis bolganin malimdedi. Biraq, zayibi Mariya cane bir sipira zerttevshiler onin Natsiystter cagininan uv berilip olgenine senuvde.

Keybir zerttevshiler, Qazaqstannin esh kures curgizbesten KO-nin ozdiginen idiravimen op onay tavelsizdikke qol cetkizgenin alga tartadi. Tipti keybirevler, qazaqtardin tavelsizdik, bostandiq degen ugimdardi bilmeytinin, sondiqtan tavelsizdik ushin kurespeytinderin alga tartuvda. Munin qate tusinik ekenin, Mustafa Shoqaydin omiri men kuresi naqti ortaga saluvda. Mine osi turgidan qaraganda, Shoqay qazaqtin tayav tariyhi ushin manizdi tulga bolip tabiladi. Shoqay ozinin sayasiy kuresi ushin tiyimdi ortani tek Frantsiyadan taba bildi. Ol munda 20 cilday omir surdi. Munin 18 cili Nocan qalasinda otti. Sondiqtan, tavelsiz Qazaqstannin tariyhinda, Frantsiyanin, asirese Nocan qalasi erekshe oringa iye.

6 Qantar 2007, Pariyc, Nogent-sur-Marne,
Mustafa Shoqaydi Eske Aluv Jiynalisinda Oqilgan Bayandama

Abdivaqap Qara (Abdulvahap Kara)
Tariyh Gilimdarinin Doktori, Shoqaytanuvshi

Saturday, January 13, 2007

Mustafa Shoqay Fransuz-Qazaq Dostiq Qogami Qurildi

Qazaq qalqinin bir tuvar memleket qayratkeri, turki duniyesinin XX. gasirdin birinshi jarimindagi sayasiy jane pikir qozgalistarinda teren iz qaltirgan aldingi qatarli ziyalilarinan Mustafa Shoqay tuvganina 117 jil toluvina baylanisti Parijde eske alindi.


Parijdin Nojan qalashigindagi Shoqay eskertkishi

Belgili bolganinday, Shoqay, 1890 jili, 7 qantarda Qazaqstannin Qizilorda qalasina qarasti Norshoqida duniyege kelgen. Ustimizdegi 2001 jili, 6 qantar senbi kuni otkizilgen esk aluv jiynalisin jana gana qurilgan "Mustafa Shoqay Fransuz-Qazaq Dostiq Qogami" (L'Association D'amitie Franco-Kazakh Moustapha Tchokai) uyimdastirdi. Bul jiynalis sonimen qatar, jana qurilgan qogamnin betashar is-qiymili edi. Qogam toragasi Yashar Dinch Mirzanin shaqiruvi boyinsha qatisqan osi jiynalista "Mustafa Shoqaydin Tavelsizdik Kuresi jane Frantsiya" taqiribinda bir bayandama jasadiq.


Qogam toragasi Yashar Dinch jane Nojan akiminin orinbasari Madam Thome eskertkishe gulshoqisin qoyar aldinda

Bul jiynalis biz ushin erekshe manizga iye edi. Oytkeni, jiynalis Shoqaydin 1923-1941 jildari arasinda 18 jil omir surgen Parijdin Nojan qalashiginda otkiziluvde edi. Shoqaydi shetelerde asirese osi avdanda tanistiruv asa qajet dep oylaymin. Oytkeni Shoqay tuvrali doktorliq dissertatsiyaliq zerttevimizlerimiz ushin osi qalashiqqa 2000- jili mamir ayinda kelgenimizde, Shoqay turgan uylerdin barligin aniqtagan edik.



Sol kezde, Nojanda Shoqaydi eshkimnin bilmegenin angardiq. Sondiqtan Shoqay turgan osi avdanda bir eskertkish turgizuvdin qajet ekeni conindegi pikirge kelip bul tuvrasindagi oylarimizdi 2001 jili qantar ayinda Almatiga barganda jurnalistterge aytqan edik. Ol, 2001 jili, 9 qantardagi nusqasinda Egemen Qazaqstan gazetinde basilip shiqqan edi. Osidan shamamen 9 ay otkennen son, 2001 jili, 18 qazan kuni Qazaqstan Basministirinin orinbasari Iymangaliy Tasmagambetov, Qazaqstan Frantsiya Elshisi Aqmaral Aristanbekova jane Nojan akimi Jaq Martannin Shoqay ushin bir eskertkish turgizganin quvanishpen uyrengen edik.


Shoqay eskertkishi aldinda estelik suvret

Jaq Martan mirza akim bolip ali istep keledi. Jiynalisimizga qatisti jane bizge erekshe konil boldi. Ol kisige rahmetimizdi aytamiz. Bayandamamizdi aldin ala sondagi qazaq jastari fransuz tiline avdarip bergendi. Sondiqtan men qazaqsha oqip turganda, qizimiz Kevser de fransuzshasin oqip turdi. Nojan akimi avdarmanin jaqsi bolganin aytip Kevserdi quttiqtadi.


Nojan akimi Jaq Martan mirza minbede soylep turganda

Nojan akiminin orinbasari Madam Thome bolsa, bizdin bayandamadan Shoqay jane qazaqtar tuvrali aytarliqtay malimet iyesi bolgandarin atap otti. Madam Thome, Qogam toragasi Yashar Dinchke osigan deyin qazaqtardi jaqsi bilmeytindikterin pariqtaganin da aytqan. Basqa sozben aytqanda, Mustafa Shoqay Fransuz-Qazaq Dostiq Qogami 6 qantar kungi jiynalistarimen qazaqtardin Frantsiya taniluvlari barisinda manizdi bir ules qosqan boldi. Osi orayda qogam toragasi Yashar Dinch jane ozge qogam qayratkerlerine rahmet aytamin.


sahna

6 qantar senbi kungi eske aluv rasimi tanerten sagat 11-de Mustafa Shoqaydin eskertkishine gulshoqisin qoyuvmen bastaldi. Nojan akiminin orinbasari Madam Thome jane basqa bir qatar akimshilik qayratkerleri sol rasimge qatisti. Sonimen qatar Parijde omir surgen qazaqtardin okilderi de bar edi.


Qazaqstan Elshiligi I. Hatshisi Mels Torekeldi Minbede soylep turganda

Osindan keyin Nojan madeniyet zalinda rasim odan ari jalgastirildi. Ol jerde kelgen qonaqtarda qazaqtin dastarqani da jayilip dam tatqizildi. Oytkeni, rasim tek Shoqaydi gana eske aluv emes, sonimen birge, qurban aytti merekelev men qogamnin tusavkeserin de qamtuvda edi.


I. Hatshi Mels Torekeldini tindagan qonaqtar

Osidan keyin Shoqay tuvrali konferentsiya bastaldi. Jiynalisti Tugba Dinch atindagi qarindasimiz jurgizip otirdi. Ol aldimen ashuv sozin soylev ushin qogam toragasi Yashar Dinchti shaqirdi. Yashar mirza kopshilikti salemdegennen keyin, qogamnin quriluv maqsatin bilay dep tilge tiyek etti:

"Keybirevlerdin suravi abden mumkin: Parijde bir qazaq qogami bar bolip tursa ekinshisin nelikten qurdiq? Biz, Parijden basqa bir qalada tursaq, ekinshi bir qazaq qogamina rasinda da kerek joq edi.

Biraq biz Parijde turmiz. Bizden kop jildar burin, osi qalada, uli tulgamiz, Shoqay atamiz omir surgen eken. Ol, atameken Qazaqstannin tavelsizdigi ushin sanali omirin qiygan uli memleket qayratkeri. Onin ruvhaniy murasina iye boluv, atin alemge tanistiruv ushin bir qogam quruv bizdin ulttiq mindetimiz bolip tabilsa kerek.

Bul qogamnin ekinshi mindeti, Shoqaydi siyaqti uli tulgamizdi bavrina basqan Frantsiya jane ol omir surgen Nojan qalashigin Qazaqstanga tanituv. Sondiqtan biz qurgan qogam, buringi qazaq qogaminin alevmettik is-qiymildarina aralaspaydi, tipti soni qoldaytin boladi. Biz tek madeniy jane intelektuvaldiq is-qiymildarmen shektelmekpiz."



Osidan minbege shiqqan Nojan akimi Jaq Martan jane Frantsiya Qazaqstan elshiligi I. hatshisi Mels Torekeldi jana qogamga tabis tilep onin arqanday madeniy is-sharalarina qoldav korsetetinderin aytti. Qogamnin eki eldin dostiq baylanistarina ules qosatinina senimderin tilge tiyek etti.



Osidan keyin minbege bizdi shaqirdi. Jarti sagatqa ulasqan bayandamamizda Shoqaydi jane asirese onin Nojandagi omirin tanistiruvga tiristiq. Shoqaydi munda omir suruvinin Nojandi Qazaqstanda erekshe oringa kotergenin atap ottik. Osi bayandamamizdin matinin osinda qoyatin bolgandiqtan sozdi kop soza bermeyik.


Bayandamasin jasap turgan Abdulvahap Kara jane Fransuzshasin oqip turgan qizimiz Kevser Cengiz


Jiynalistin soninda Nojan akimi Jaq Martanga osi kunnin esteligine jane Shoqay tulgasina korsetken qurmetine baylanisti Shoqay tuvrasinda jazgan turikshe kitabimizdi siyladiq.



Kitapti bizdi atimizdan Qazaqstan Frantsiya Elshiligi I. hatshisi jane fransuz tilin jaqsi biletin Mels Torekeldi mirza Jaq mirzaga Shoqay tuvrali sinirgen enbekterine rahmetin ayta otirip berdi. Bizde sizderdin aldinizda I. hatshiga rahmetmizdi aytamiz.



Soytip Shoqaydi eske aluv jiynalisin tabisben otkizdik.



Osi sapar kezinde bir bayqaganim, Frantsiyadagi qazaq jastari, ozge Evropa elderindegi jastarga qaraganda oner men bilimge kobirek qushtar eken. Bul jerde jastardin jogari oquv orindarda oquv molsheri koterinki eken. Ulttiq maselelerge de men beruvde. Mustafa Shoqay qogaminin toragasi Dinch mirza Shoqay siyaqti jastarga man beretindikterin, jastardi qogam basqaruvga bavlip 4-5 jilda qogamdi solarga tabis etip beretindikterin aytuvda. Biz oni osi oyi ushin quttiqtaymiz. Bizdin oyimizsha aldagi jildarda, Evropa qazaq qogaminin intelektualdiq jetekshileri osi Parijden shigatin turi bar.



Mustafa Shoqay Fransuz-Qazaq Dostiq Qogami qalqimizga qayirli bolgay!

Qurmetpen,
8 Qantar 2007, Munhen-Parij- Istanbul
Abdulvahap Kara

Sunday, April 02, 2006

Mustafa Shoqay Kinosi Tusiriluvde

XX. gasir qazaq tariyqinin manizdi tulgalarinan Mustafa Shoqaydin omirin beynelegen kinonin birinshi bolimi tusirilip bituvge tayadi. Qazaqstan ulttiq ave kompaniyasinin “Tengri” jurnali, songi saninda, bul tuvrali kobirek toqtaldi.

Drama retinde tusirilip jatqan kino “Mustafa – Shigis” jane “Mustafa – Batis” dep eki bolimden turadi. Akim Tarazi, Ermek Tursinov jane Sergey Bodrov sindi Qazaqstan men Reseydin belgili jazuvshi jane senaristerinin bizdin "Mustafa Shoqay, Omiri, Kuresi Jane Shigarmashiligi" degen kitabimizdin negizinde dayindagan senariyi boyinsha, “Mustafa – Shigis”ta Shoqaydin otanda atqargan sayasiy kuresi somdaluvda.

“Mustafa – Batis”ta bolsa, onin Evropaliq elderdegi iydeyaliq kuresi siypattaluvda. Kinonin Qazaqstandagi bolimderi Kapshagay maninda tusirildi.

Mustafa Shoqaydin beynesin jas jane talantti Qirgiz aktor Aziz Beyshenaliyev jane onin suyikti jari Mariyanin rolin Qazaqstannin belgili anshisi Karina Abdullina oynavda.



Air Astana jurnalinda atap otilgenindey, suluv anshi Karinanin bul tungish filmi bolganimen, rolin tabisti atqargani nazardan tis qalmavda. Qazaqtin qaliqaraliq kolemde bir neshe juldenin iyegeri, rejisor Satibaldi Narimbetov, Mariya beynesi ushin algashqida Reseydin Chulpan Khamatova, Yekaterina Guseva jane Yekaterina Klimova sindi belgili aktrisalarina usinis jasap olardin da kelisim algan. Biraq, olardin Reseydin basqa kinolarinda film tusirip jatqan boluvlari vaqit turgisindan kedergilik keltirgen. Narimbetov, Karina Abdullinani kezdeysoq bir telediydar bagdarlamasinan korip onin mundi jane melankolik qaragan kozinin Mariya roli ushin bolatinina senim keltirgen. Soytip Karina kutpegen jerde omirinin jana bir belesine koterilgen.


Belgili qazaq rejisor Narimbetov

Karina jurnal tilshisinin ozine qaratqan “Siz de Mariya siyaqti eriniz ushin barliq narseni tastap artinan erip alis shetelderge sapar tartar ma ediniz” degen suragina, “iya, mumkin men de bir erkek ushin er narsemdi qurban eter edim, biraq ol ushin Shoqay siyaqti bir erekshe tulgaga keziguvim shart” dep javap qaytargan.


Filmde bala Shoqay jane Anasi


Iya, Mustafa Shoqay kinosinin tusiruvi jalgasuvda. Kinonin ekinshi boliminin tusiruvleri Istanbul, Berlin, Parij jane Pragada odan eri jalgaspaq. Osi turgidan, yagni shetelderde de tusiruvleri boluvi turgisinan Shoqay filmi, Qazaqfilm ushin erekshelik. Budan burin ol shetelderde film tusirmegen.

Filmnin jasavshilari men artisteri Shoqay sindi uli tariyqiy tulgaga jarasatinday eskertkishtik bir film tusiruvge barliq kush jigerin jumsavda. Olardin tabisqa jetip jetpegenderin keyin korermender bagalay jatar. Al biz qazir, olardin tabisqa jetetinderine senip otirmiz.

Friday, February 24, 2006

Mustafa Shoqay, Fransiya Qazaqtari Jane Koshpendiler Filmi

MUSTAFA SHOQAYDIN TUVGAN KUNI ATAP OTILDI

Frantsiyada

Qazaq halqinin birtuvar memleket cane qogam qayratkeri, turki duniyesinin bedeldi perzenti Mustafa Shoqaydin tuvgan kunine baylanisti 7 qantarda (eski kuntizbe boyinsha, 25 celtoqsan kuni) Pariyc qazaqtari eske aldi. Eske aluv rasimi Mustafa Shoqaydin 1923-1941 cildari turgan Pariycdin Nocan Sur Marn qalashiginda songi turgan uyinin koshesine ornatilgan eskertkish taqtanin aldinda otkizildi.

Bul rasimge Frantsiyadagi qazaq madeniyeti cane alevmettik intimaqtastiq qogami murindiq boldi. Ogan Qazaqstannin Frantsiyadagi elshisinin orinbasari cane konsuvl Meliys Torekeldi mirza, Nocan Sur Marn qalashigi macilisinin depuvtati cane muracaydin diyrektori Metr Alen, qazaq qogami bastiginin orinbasari Yashar Dinsh, qogam hatshisi Abduvsamet Altay, qogamnin madeniyet cane din boliminin mengeruvshisi UVahap Turkoz qatisti.

Sonday-aq, ogan qogamnin saz ben biyden cavapti qizmetkeri Gulcan Bircan men shakirtteri de ules qosti. Eske aluv rasiminde Nocan Sur Marn qalashiginin depuvtati Metr Alen Shoqay turali soz soyledi. Qonaqtar eskertkishke gul shoqtarin qoydi. Soytip Frantsiyadagi qazaqtar, elinin tavelsizdigi, atamekeninin azattigi ushin kuresip tuvgan cerinen mindagan shaqirim shalgayda koz cumgan Shoqayga aldindagi mindetterin atqardi.

Bul arada ayta ketetin bir cayt, Frantsiya qazaqtari muni urdiske aynaldirgan. Olar cil sayin 25 celtoqsanda osi rasimdi qalt cibermey otkizuvde. Kornekti qayratker Mustafa Shoqaydi Pariycde eske alip curgen azamattarimizga min da bir algis.
Frantsiyadagi qazaq qogami men Nocan Sur Marn qalashiginin akimshiligi kelesi cili Shoqaydin tuvgan kunine oray arnayi shara otkizuv ushin kelisim casasti. Mine, Mustafa Shoqay turali Frantsiyadagi qandastarimiz osilaysha cumis istep catir.

Turkiyada


Osindagi tuvgandar da shama-sharqinsha qazaq halqinin uli perzentin Turkiyada tanistiruv barisinda cumis istep catir. 2002 cili ozimnin biraz cildan beri zerttep curgen Mustafa Shoqay turasindagi monografiyam Istambulda «Turkistan calini» degen atpen cariq kordi. Ortaligi Ankarada bolgan «Turik oshaqtari» atindagi madeniyet ortaligi bul kitapti turik castarinin oquvga tiyisti 100 kitaptiq tizimine qosip otir.

Tayav arada Mustafa Shoqayga arnap turik tilinde iynternet saytin ashuv da cosparlanip otir. Budan basqa, ar cerde tabila bermeytin «Yash Turkistan» curnalin 116 sandiq toliq ciynagina kez kelgen zerttevshi qol cetkizuvi ushin bir komp’yuvterlik bagdarlama casavdi da basshiliqqa alip otirmiz. Mine, bular Turkiya cumhriyatinda Mustafa Shoqayga qatisti istelip catqan sharalar.

Qazaqstanda

Al bul turgida qara shaniraq Qazaqstanda qanday sharalar qolga alindi desek, munda da qiruvar cumistar istelip catir. Bizdin Turkiyada cariq korgen enbegimiz qazaqshaga avdarilip, 2004 cili celtoqsan ayinda Almatida «Aris» baspasinan cariq kordi. Onin tusavkeseri Ulttiq kitaphanada madeniyettanuvshi galim Murat Avezovtin basqaruvinda ziyali qavim men baspasoz okilderinin qatisuvimen oz dengeyinde otkizildi. Osigan at salisqan bukil azamattarga qarizdarmin. Budan basqa qazaqstandiq galimdar da Shoqay zerttevlerin calgastiruvda.

«Mustafa» fiyl’mi haqinda

Qazaqstanda Mustafa Shoqayga qatisti istelip catqan sharalardin en kornektisi de aserlisi qazir «Qazaqfiyl’m» tarapinan tusirilip catqan kiyno ekeni davsiz. Ol Satibaldi Narimbetov cane Sergey Azimovtin qos reciysserliginda tusirilip catir. Fiyl’mge biz de aralasip kettik. 2003 cili qarasha ayinda, Istambulga «Qazaqfiyl’mnen» ush qonaq keldi. Olar Satibaldi Narimbetov, Akim Taraziy cane Irimbek Alpiyev edi.

Olar keluv maqsattarinin Qazaqstan Preziydenti Nursultan Nazarbayevtin qoldavimen Shoqay turali bir fiyl’m tusiruv ekenin cane bul turali menin oylarimdi biluv ekenin aytti. Sonda Shoqay turali «Qazaqfiyl’mnin» coba casap catqanin bilip qatti quvandim. Bul qazaq halqinin bir tuvar perzentin tuvgan halqimen alem haliqtarina tanistiruvdin birden-bir tiyimdi coli edi.

Sonimen olarga qolimdagi Shoqay turali ar turli materiyaldar men ali basilmagan qazaqsha qolcazbasinin bir nusqasin quvana otirip berdim. Keyin olar menin zerttevimnin qazirge deyingi en toliq zerttev ekenine koz cetkizgenderin, sondiqtan oni oris tiline avdartip sol negizde birneshe adamnin stsenariy cazuvga kiriskenin habarladi.

Keyin 2004 cili celtoqsanda kitabimnin tusavkeserine kelgende, «Qazaqfiyl’m» meni Shoqay fiyl’mine bas kenesshi boluvga usinda da, biz osinav uli cumisti ozimizge abiroy sanap kelisimshartqa qol qoydiq. Sonimen «Mustafa» dep atalatin Shoqay fiyl’mi turali cumistar bastalip ketti.

Rasin aytsam, biz kiynonin avilinan alista curgen canbiz. Sondiqtan, bul fiyl’m qalay boladi degen kudik curekti mazalamadi desek otirik emes. Biraq otken qirkuyek ayinda Astanada Duniyecuzi qazaqtari quriltayina qatisqanda, bizge «Koshpendiler» fiyl’mi korsetilgen uvaqitta, curektegi qobalcuv tubegeyli coyildi. Sonda «Qazaqfiyl’mnin» Shoqay fiyl’min layiqti turde tusire alatinina kozim cetti.

«Koshpendiler» fiyl’mi cayinda

Ariyne, qazirgi tanda «Koshpendiler» fiyl’mi turali turli pikirtalastar tuvindavda. Ol turali eki ushti pikirler aytilip cur. Birevler ote ondi bagalap caqsi dep catsa, endi birevler unatpay 33 miylliyon aqsha celge ketti degendi tilge tiyek etedi. Ol turali naqti baga beruvge ali ertelev. Oytkeni, fiyl’mnin Qazaqstanda curtshiliqqa korsetile bastaganina birer ay gana boldi. Al, fiyl’m ali shetelderdegi korermender nazarina usinilgan coq.

Al, oz ceke basima kelsem, «Koshpendiler» fiyl’mi magan unadi. Ogan cumsalgan aqsha suvga ketti degenge qosilmaymin. ozim Istambulda turamin. Balkim sondiqtan shigar, men fiyl’mdi ceke qazaqtar turgisinan bagalap otirgan coqpin. Eger tek qazaqtar ushin gana tusirilgen fiyl’m dep oylasaq, onda balkim, ogan bolingen 33 miylliyon dollar aqsha isirap boldi devdin bekerge qiysini boluvi mumkin edi.
Al, ol fiyl’mnin bukil duniye cuzi boyinsha korsetiletinin eskersek, onda ol aqsha bosqa ketken coq dep eseptevge boladi. Ol stsenariyi turgisinan da, tusiriluv sheberligi turgisinan da kez kelgen korermen caliqpay koretin sapada bolgan. Bul fiyl’mnin, menin bayqavimsha, ari qazaqtarga, ari sheteldikterge cekelegen mesacdari bar.

Qazaqtarga bul fiyl’m, «qazagim, ulan baytaq cerine koz alartqan dushpan arqashan boladi. Ogan totep berip elindi qorgav tek avizbirliktin arqasinda gana boladi. Eger bolinsen, onda aqtaban shubirindiga qayta ushiravin abden mumkin. Sondiqtan, avizbirlikten ayirilma» degendi eskertip otir.

Al sheteldikterge bolsa bul fiyl’m, «qazaq osinav ulken terriytoriyani qanimen, canimen qorgagan. Ol bir kezde Solceniytsiynnin aytip otkenindey qazaqtin qoyi gana otip ketken cerdi Maskevdin bolip bere salgani emes. Oni qazaqtar san gasirlar qan togip, can berip kozinin qarashiginday qorgap keldi. Budan bilay da qorgaydi. Kerek dese canin da beredi, qanin da togedi. Biraq elin eshkimge eshqashan bermeydi», - degendi aytip otir.

Mine, osi fiyl’mnen shigatin qoritindi. Eger de fiyl’m osi eki mesacdi korermenderine berip otirgan bolsa, bul fiyl’mge 33 miylliyon emes, 330 miylliyon ketse de ozin aqtadi degen soz. Oytkeni, qazaqtin cer asti, cer usti bayliqtari tavelsizdik bolmagannan keyin, qazaq oz cerine iyelik ete almagannan keyin, qazaq halqinin muddesine qizmet etpeydi goy.

Al, bugingi tanda tavelsizdikti saqtav, sonav Abilay han tusindagiday tek nayzanin ushi, bilektin gana kushimen bolip otirgan coq. Qazirgi tanda buqaraliq aqparat quraldari, kiyno fiyl’mder de eldin muddesine qizmet etetin basti qaruvlar. Sondiqtan, Preziydent Nazarbayevtin sol fiyl’mnin tusiriluvine korsetken qoldavinin koregendikpen casalganin ayta alamiz.

Mine, osinday oylardin ceteginde fiyl’mdi qoritindilap otirganda, esime ameriykandiq musilman kiynoreciysseri Mustafa Aqad keldi. Ol paygambarimizdin Iyslam dinin taratuvi cane uli tulgasin calpaq alemge tanistiruv barisinda 1976 cili «The Messagge» degen fiyl’mdi tusirdi.

Fiyl’m ote tabisti boldi. Bukil alem musilmani, musilman emesi oni cili qabildadi. Turkiyada ol fiyl’m derlik 30 cildan beri qaray cilina birneshe ret qayta-qayta korsetiledi. Fiyl’mnin tabisqa cetkeni sonshaliq, onda bas rolde oynagan ataqti akter Antoniy Kuviyn musilmandiqti qabildadi.

Sondiqtan, «Koshpendilerdin» tabisti ma, emes pe ekenin naqti kesip aytuvga ali erte. Onin cavabin uvaqit korsetedi. Bir cildan keyin calpi alemdik curtshiliq osi fiyl’m turali ne aytadi? Sogan qarayiq. Sonda osi suraqtin cavabi naqti belgili boladi. Al qazirshe menin pikirim bolsa, bul fiyl’m tabisqa cetken. Ogan enbegi singenderge algis aytayiq. Shoqay fiyl’mine keler bolsaq, ol qanday talim-tarbiye beruvge tiyisti.

Meninshe, «Koshpendiler» men «Mustafa» fiyl’mi undesip otir. «Koshpendiler» sonav XVIII gasirda Abilay hannin beynesinde qazaq halqinin tavelsizdik ushin kuresin surettese, «Mustafa» fiyl’mi de XX gasirda kenestik kezende qazaq halqinin tavelsizdik colindagi kuresin Shoqay beynesi arqili surettemek.

Biraq bul kures, buringi gasirlarda bolganday qilish-nayzamen emes, iydeyamen bolgan kures. Bugingi tanda elder arasindagi kures kobinese iydeyaliq kures emes pe? Mustafa Shoqay turali atamekendegisi men sheteldegisi bolip bukil qazaq halqi enbek etuvde. Munday uli tulgalardi tanip biluv cane ozgelerge tanistiruv, murasina iyelik etuv eldiktin de, avizbirliktin de, egemendiktin de kepili.

P. S. Bul maqala, Dala men Qala gazetinin 13 Qantar 2006 kungi saninda jariyalandi.

Qaraniz:
http://www.dmk.kz/?act=readarticle&id=896

Wednesday, January 04, 2006

Beriyanin Tungish Biraq Beymalim Qilmisi Jane Shoqay

Kenestik tariyhnamaga miylliyondagan caziqsiz adamnin qanin suvday tokken ayavsiz NKVD bastigi dep otken Lavrentiy Beriyanin buginge deyin beymalim bolip kelgen bir qilmisin aniqtadiq. Beriya 21 shilde 1922 kuni Tbiliside Turkiyanin buringi miyniystiri Jamal Pashanin oltiriluvin uyimdastirganin songi kezderi cariqqa shiqqan derekterge qarap ayta alamiz. Ol derekter Osman Patshaliginin belgili memleket qayratkeri Jamal Pashanin oltiriluvin, armiyandar emes, Chekanin iske asirganin korsetuvde. Chekanin bul qilmisin algash ashqan Mustafa Shoqay bolgan.

Osi qastandiq areketin Turikterden kek aluvshi armiyandardin casagani kuni keshege deyin aytilip keldi. Oytkeni, I. Duniyecuzilik sogis kezinde, atap aytqanda, 1915 cili Turik ukimeti, shigis Anatoliyada turik avildarina shabuvil casap cuz mindagan adamdi qirgindagan armiyandardi qavipsizdendiruv barisinda, olardi Irak cane Siyriyaga cappay koshiruv turali qarar qabildagan-di. Osi koshiruv kezinde 600 minday armiyan avruvdan, asharshiliqtan cane kek aluvshi turik avildarinin shabuvildarinan qaza tapqan edi.

Mine osi uvaqiygani armiyandar keyin genosiyt dep atap ketti. Shintuvaytinda muni Giytlerdin Evreylerge casagan genosiyti siyaqti genosiyt dep eseptevge aste bolmaydi. Oytkeni, genosiyt, bir sozben aytqanda, caziqtan caziqsiz bir haliqti tek belgili bir etniykaliq topqa catqani ushin qirgindav bolip tabiladi. Al armiyandar bolsa, 1915 cili Turikter batista Uli Briytaniya, Frantsiya, Iytaliya siyaqti cavlarmen sogisip catqanda, cav cagadan alganda, bori etekten aladi degendey, shigista turik avildarina shabuvildap ozderinin ulttiq memleketterin quruv maqsatinda cuz mindagan turikti qirgindagan edi. Bugan qarsi shara koruv, haliqti qirgindan qorgav ariyne genosiytke catpaydi. Ogan, bir ukimettin elin cane cerin qorgav barisindagi askeriy sharasi dep qarav kerek. Negizinde, turik ukimeti olardin birde birin oltiruvdi de oylagan coq. Tek koshiruvdi gana oylastirdi. Biraq okinishke oray, cuz mindagan adamnin qoparila koshiriluvi bir qatar ayanishti uvaqiygalardi da birge ala kelgeni shindiq.



Mine osi qaygili koshiruv uvaqiygasi Osman memleketin Iyttihat Terakki partiyasi basqarip turgan kezde payda boldi. Osi partiyanin basshilari Anuvar Pasha, Talgat Pasha cane Jamal Pasha bolatin. Duniyecuzilik sogis bitip Osman memleketi qiyin cagdayga tuskennen keyin atalgan Pashalar /Pasha, Osman memleketinde general dengeyinde askeriy shen/ Turkiyadan qaship ketti. Talgat Pasha Germaniyani, Anuvar Pasha men Jemal Pasha Kenes Odagin panaladi. Talgat Pashani 1921 cili Berliynde bir armiyan terroriyst oltirip ketti. Ol terroriyst qolga tusip sottaldi. Anuvar Pasha 1922 tamiz ayinda Turkistanda Basmashilarmen birigip sogisip curgende, kenestik askerler qolinan qaza tapti. Jamal Pasha, avganiystan men Kenes Odagi arasinda danekerlikke curdi. Eki el arasinda bir dostiq kelisimine qol qoyiluvina murindiq boldi. Jamal Pashanin maqsati Kenestik ukimettin qoldavin ala otirip avganiystan men Undistandagi musilmandardi sol aymaqtagi agilshin biyligine qarsi kuresuv edi. Solay etuv arqili, agilshin armiyasinin Ataturiktin cetekshiligindegi ult azattiq kuresine degen qisimin azaytuv bolatin. Biraq keyin Kenes Odaginin Uli Briytaniya turali sayasati ozgerdi. Eki el savda salasinda birgestesuv turasinda bir kelisimge qol qoydi. Agilshindar munin qarimtasinda, Maskevdin Undistan aymaginda ozine qarsi koterilisterge qoldav korsetpevin qamtamasiz etti. Soytip Jamal Pashanin is-areketteri, Maskev ukimetinin sayasatina qayshi keletin boldi.

Ekinshi caqtan, bastapqida Maskevdin baqilavinda curgen Anuvar Pasha, 1921 cildin ayaginan bastap oz betinshe arekettene bastagan edi. Ol Turkistanga otip ondagi Basmashilarga cetekshilik etti. Basmashilardin askeriy salada bir qatar tabistarga qol cetkize bastavina sebep boldi. Osi orayda, Maskev, Jamal Pashanin da Anuvar Pashaga qosilip Basmashi areketinin odan ari kusheytuvinen alandadi. Oytkeni Jamal Pashanin irgedegi avganiystandagi iqpali zor edi. Sondiqtan onin sol elden askeriy komek aluvi mumkin edi.

Mine osi cagdaylardan Jamal Pashanin kozin qurtuv Maskev ushin qacet boldi. Biraq muni eshkimge sezdirmesten istev qacet edi. Oytkeni Jamal Pashanin Maskev tarapinan kope kornev oltiriluvi, Kenes Odaginin Turkiya, tipti avganiystan men dostiq negizindegi baylanistarina kesirin tiygizuvi abden mumkin edi. Mine sondiqtan Jamal Pasha Maskevden Ankaraga bara catqan colda Tbiliside Chekanin qastandiq areketi natiycesinde bul duniyeden qaytti. Kenestik aqparat quraldari, sol kezde, munin armiyan Dashnaksuvtyun terroriysterinin qilmisi dep habar taratti. Bul habar, kudik tuvgizgan coq. Oytkeni 1921 cili Berliynde Talgat Pashani oltirgen armiyandardin 1922 cili Tbiliside Jamal Pashani da oltirip ketuvi qiysindi edi. Jamal Pashani armiyandar emes Cheka oltirgeni cayinda qolimizda eki derek barshiliq. Biraq, Jamal Pashani armiyandardin oltirgeni turali kuni buginge deyin eshqanday derek coq.

Qastandiq areketinen keyin 30-day armiyan Tbiliside tutqindalsa da, bulardin eshbirevi sotqa tartilgan coq. Cheka olarga oz betinshe shara qoldandi. Keybirevin bosatip ciberdi, al key birevin qilmisker dep Solovkiy lagerlerine aydadi. Qazir Jamal Pashani armiyandar oltirdi degen zerttevlerde qastandiq casavshinin ati coni turali bir avizdiliq bayqalmaydi. Birevler Petros Ter Pogosyan men Artashes Griygoryan oltirdi dese, basqa birevler Stepan Dcagiykiyan, Bedros Der Bogasiyan men Ardashes Kevorkyan oltirdi devde. Al ushinshi birevler bolsa, Kerekiyn Lalayan men Sergo Vartaryandi qilmisker dep alga tartuvda. Qilmisker turali sot curgizilmegendikten Jamal Pashani oltiruvshiler turali osilay arqiyli pikir aytiluvi tabiygi narse. Osi vaqiyga turali sot curgizilmevinin ozi munin Chekanin qilmisi ekeni cayinda sir shertedi.

Al endi qoldagi eki derek turali aytar bolsaq, onin birinshisi, E.V.Dumbadzenin 1930 cili Paricde oris tilinde shiqqan kitabi. Ol, “Na slujbe Cheka i Kominterna” dep ataladi. Bul kitap turali algashqi derekterdi, qazaqtin bir tuvar sayasiy qayratkeri Shoqaydin Yash Turkistan curnalinan kezdestirdik. Shoqay, 1931 cili Yash Turkistanga shiqqan bir maqalasin Jamal Pashanin oltiriluvine arnapti. Shoqay, maqalasinda, oliminen bir eki ay burin, atap aytqanda 1922 cili koktemde Jamal Pashamen Berlinde kezdeskenin aytadi. Ol sol kezdesuvde, Pashanin Tbilisige baruv oyin estigende, “ol qalaga barmaniz, barsaniz kenestik cendetter sizdi oltirip qilmisti armiyandarga caba saladi” dep eskertuv casaydi. Jamal Pasha oni elemeydi. Jamal Pasha sol kezde, Shoqaydin alisti bolcap kore alatin strategiyaliq kabiletine degen osi senimsizdiginin saldarinan omirden mezgilsiz qoshtasatinin bilgen coq.

Shoqay, bir neshe cil boyi, Jamal Pashani armiyandardin oltirgeni turali aqparatqa senbey curdi. Biraq oyin Dumbadzenin kitabin korgenshe, nemese qolda naqti derek bolmastan bul kudigin sirtqa shigargan coq. Bul arada Shoqay turali minani ayta ketken con, Shoqay dereksiz eshqashan pikir aytpaytin shinshil oyshil bolatin. Bul vaqiygada da osini ayqin korip otirmiz. Ol Dumbadzenin Jamal Pashani Chekanin oltirgeni turali ashekerelevin oqigannan keyin, basqa bir sozben aytqanda, oz pikirine dalel tapqannan keyin gana, Jamal Pashani Chekanin oltirgeni turali pikirin Yash Turkistan betinde ashiq ortaga saldi.

Shoqaydin sol maqalasinan habardar bolgan Dumbadzenin kitabinin sonina tustim. Munda eki maqsatim bar edi. Birinshiden Turik tariyhnamasinda beymalim osi kitapta Jamal Pasha turali cazilgandarmen tanisuv, keyin, kerek bolsa, gilmiy aynalimga tusiruv. Ekinshiden, tariyhshi bolgandiqtan ar narsege kudikpen qarav adetimiz barshiliq. Bul maselede Shoqay ras aytip otir ma? Dumbadzenin estelikterinde Jamal Pashani Cheka oltirgeni naqti aytilgan ba? Degen suraqtardin cavabin tabuv ushin sol kitap kerek boldi. 2000 cili Pariycge Shoqay zerttevleri ushin barganimda, frantsuz ulttiq kitaphanasinan bastap belgili kitaphanalardin barliginda izdestirdim, biraq Dumbadzenin kitabi tabilmadi. Turkiyaga qaytqannan son, internet arqili izdenisimdi calgastirdim. Alemnin turli kitaphanalarinda izdedim. Aqirinda, AQS-da ol kitap tabildi.

Dumbadze kitabinda, osi qastandiq areketin Maskevdin nusqavi boyinsha Gruvziya Chekasinin istegenin egcey tegceyli bayandavda. Biz kitaptin osi bolimin oris tilinden toliqtay avdarip Turkiyanin ken taraytin “Tarih ve Dusunce” / Tariyh cane oy/ curnalinin Mamir saninda cariyaladiq. Sol kitapta aytilganinday, Chekanin Jamal Pashani atqizgan cendeti de armiyan tekti emes eken. Ol, Bolshevik tonkerisinen burin ataqti bandiyt bolgan cane mergendigimen ati shiqqan Gruvzin tekti Sergo Lobadze. Ekinshi derek bolsa, Azerbaycan KGB arhivinen tabildi. Azerbaycan Memlekettik Universiytetinin professori Musa Qasimov osi arhivte cumis istep Jamal Pashanin oltiriluvine baylanisti bir qatar derekterge qol cetkizgen. Onin osi oraydagi maqalasinda aytqandari Dumbadzenin cazgandarin toliq rastavda.

Osi eki derekte de Beriyanin ati atalmavda. Dumbadzenin kitabinda atalmavi zandi. Oytkeni, kitap 1930 cili cariq korgen. Al ogan deyin Beriyanin atagi shiqpay turgan kezi. Onin at atagi, ozderinizge beligili bolganinday,1930 cildardan keyin shiga bastaydi. Al 1922 cilgi Gruvzin Chekasinda kimder boldi eken dep zerttegen kezde, Beriyanin atin kezdestirdim. Tipti bir armiyandiq derekte de Beriyanin qastandiq areketinen keyin “bul areket dashnaksuvtyun terroriysterinin cumisi” dep aytqani keltiriluvde. Bizdin oyimizsha, keyin Leon Trochkiy cane Sergey Kiyrov sekildi Stalinnin qarsilasi kenestik cetekshilerge casalgan qastandiq areketterin uyimdastirgani aytilgan Beriya, munday sayasiy cetekshilerge bagittalgan algashqi oltiruv areketin Tbiliside Jamal Pashaga qarsi iske asirip tacriybe ciynaqtagan. Tipti osinav areketti “sheber” iske asirganina baylanisti onin keyin NKVD-ga bastiq bolatinday Cheka ishinde martebesi osken boluvi sozsiz. Derekter, 1922 cili Tbiliside Jamal Pashani Chekanin oltirgenin ayqindap otirsa, sol Chekada qizmet istep curgen cane qatigezdikpen adam oltiruvde erekshe daringa iye Beriyanin sol qilmisti uyimdastirmadi dep kim ayta aladi?